Қызылорда тұрғындары «маньяк бар» деген ақпарат тарата бастады
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жас қыздың ажалынан соң тұрғындар мессенджерлерде «маньяк болуы мүмкін» деген ақпарат таратуда, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
ОҚИҒА ҚАШАН БОЛДЫ
3 маусым күні кешке ауыл тұрғындарының бірі канал шлюзінен адамның мәйітін тауып алған. Туыстарының айтуынша, қыз бір күн бұрын үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.
Полиция қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтап, қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан «маньяк» туралы ақпаратқа да түсініктеме берді. Ведомство тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.
«Мессенджерлер арқылы таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – делінген полиция мәліметінде.