Жаңалықтар
«Әділет» партиясы съездің өтетін күнін жексенбіге белгіледі
«Əділет» партиясының төрағасы Айбек Дəдебай партияның екінші съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Əділет» партиясының екінші съезі 2026 жылы 14 маусымда Астана қаласында өтеді.
Еске сала кетейік, биыл 7 мамырд Астанада «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өтті. Жиынға еліміздің барлық өңірінен мыңға жуық делегат пен партия жақтастары жиналған. Құрылтай барысында жаңа саяси бірлестікті құру, оның ресми атауын бекіту, жарғысы мен бағдарламасын қабылдау, сондай-ақ басшылық және бақылау органдарын сайлау мәселелері қаралған еді.