ЖаңалықтарҚоғам

Түркістан облысына жаңа прокурор тағайындалды

Бауыржан Мырзакеров еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров Түркістан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасының мәліметінше, ол әр жылдары Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Қызмет бастығының орынбасары, Қызмет бастығы, Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып қызмет істеген.

2022 жылғы мамырдан Қарағанды облысының прокуроры болды.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Back to top button