Жаңалықтар

Шымкентте жасөспірім 12 метрлік құдыққа құлап кетті

Шымкентте жасөспірім терең құдыққа құлап кетіп, құтқарушылардың көмегімен аман алып шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.

ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕР

Оқиға жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында болған. Ведомство мәліметінше, 2012 жылы туған жасөспірім абайсызда тереңдігі шамамен 12 метр болатын суы жоқ құдыққа құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері арнайы жабдықтарды пайдаланып, құтқару операциясын жүргізді. Нәтижесінде бала құдықтан шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.

БАЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің жағдайы дәрігерлердің бақылауына алынған.

ТЖМ азаматтарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ ашық құдықтар, люктер мен басқа да қауіпті нысандарға ерекше назар аудару қажеттігін ескертті.

Ведомство төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу қажет екенін ескертті.

Back to top button