«Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

«Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Әділ Сейфуллин тағайындалды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Компания мәліметінше, Әділ Сейфуллин мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыратын медиа құрылымның басқаруын қолға алған.
Сонымен қатар, басқарма төрағасының орынбасарлары қызметін Серғали Балажан мен Ғани Нұрмағамбетов атқарады.
Әділ Сейфуллин 1995 жылы 9 қазанда Ақмола облысында дүниеге келген. Әр жылдары «Хабар» агенттігі басқарма төрағасының кеңесшісі, «Қазинформ» халықаралық ақпарат агенттігінде жобаларды ілгерілету департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2026 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі болған.
Айта кетейік, «Qazcontent» АҚ құрамына baq.kz және el.kz ақпараттық порталдары, adebiportal.kz және e-history.kz тақырыптық жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми сайты кіреді.
Компанияның дерегіне сәйкес, оның интернет-ресурстарының жиынтық айлық аудиториясы екі миллионнан астам қолданушыны құрайды.