LRT-ға жаңа атау беріледі (ВИДЕО)
Астана қаласында жаңадан ашылған LRT жеңіл рельсті жүйесіне Астана әкімдігі «TARLAN – ASTANA» деген атау бергелі жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабектің айтуынша, «Сұңқар», «Лашын» деген нұсқалар болған. Алайда ақылдаса келе отырысқа қатысқандар «Тарлан Астана» деген атауға тоқтаған.
«Елорданың жаңа көлік жүйесіне заманауи халықаралық форматқа және ұлттық болмысқа сай келетін әрі мобильді қосымшаларды карталарды навигация жүйесіне және ресми ақпарат құралдарына қолдануға ыңғайлы болатын атаулар 2026 жылғы 3 маусымда қалалық ономастика комиссия отырысында қаралды. Комиссия мүшелері Астана LRT жеңіл рельс көлік жүйесіне TARLAN – ASTANA атауын беру туралы ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Тарлан атауы еліміздің тарихи-мәдени мұрасымен тығыз байланысты», – деді Досжан Исабек.
Досжан Исабектің сөзінше, қазақ дүниетанымында Тарлан сөзі еркіндік, жылдамдық, тектілік, күш-қуат, сенімділік сияқты қасиеттерді білдіреді. Осыған байланысты Тарлан атауы ұлттық болмысты, қозғалыс пен серпінді айшықтайтын мазмұнға ие болып отыр.
Айта кетейік, LRT-ға зақым келтіргендерге 13 млн теңгеге дейін айыппұл салынатыны жайлы жазғанбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram