Эверестте 6 күн жоғалған гид қоқыстан тірі күйде табылды
Оқиға 7950 метр биіктікте болған.
Непалдық гид Дава Шерпа Эвересттен түсу кезінде жоғалып кеткеннен кейін алты күннен кейін базалық лагерьге оралды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ВВС мәліметінше, оқиға 7950 метр биіктікте болған. Түсу барысында 52 жастағы Дава Шерпа демалу үшін аялдауды ұйғарған. Оның жолсерігі жолын жалғастырған, ал гидтің өзі кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.
Ер адам лагерьге оралмаған соң альпинистер оны іздеуге кіріскен. Іздестіру жұмыстары қиынға соққан, себебі Эверестке көтерілу маусымы аяқталуға жақындап, тауда адамдар өте аз қалған. Жоғалған гидті табу мүмкін болмаған, сондықтан туыстары оның қаза тапқанына сенімді болған. Тіпті Дава Шерпаның жұбайы мен қызы жерлеу рәсіміне дайындала бастаған.
Алайда 4 маусым күні таңертең Эверест беткейлерін қоқыстан тазалаумен айналысқан топ ер адамды тірі күйінде тауып алған. Гидке төмен түсуге көмектесіп, су мен тамақ берген. Кейін ол тікұшақпен Катманду қаласындағы ауруханаға жеткізілді.