Жаңалықтар

«Балама көмек қажет»: полицейлер трактордан құлаған баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізді

Оқиға 4 маусым күні сағат 22:10 шамасында Атырау облысында Исатай ауданына қарасты Тұщықұдық ауылында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Atyrautoday.kz ақпаратынша, патрульдік полицияға Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі келіп, теміржол өткелі арқылы өтуге дайындалып тұрғанын хабарлады.

Ер адам өзінің екі жасар баласы трактордан құлап, бас жарақатын алғанын және шұғыл медициналық көмек қажеттігін айтқан.

Полиция капитаны Ернар Қайржанов пен аға лейтенант Нұркен Маратов дереу шешім қабылдап, баланы ауруханаға жеткізуді ұйымдастырды. Арнайы жарық және дыбыс сигналдарын қосқан полицейлер бала мен әжесін аудандық ауруханаға шұғыл жеткізді, – делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті арқасында бала уақытында қажетті медициналық көмек алды.

Back to top button