ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері артты

Елде мүгедектігі бар азаматтар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға арналған әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

КУӘЛАНДЫРУ ОНЛАЙН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Primeminister.kz ақпаратынша, мүгедектігі бар адамдарды қолдау жүйесін жетілдіру жалғасуда. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілді. 2022 жылдан бері медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелеріне бармай-ақ қажетті рәсімдерден өтуге мүмкіндік беретін мүгедектікті тағайындаудың сырттай проактивті форматы енгізілді. Бүгінде куәландырудың 45%-дан астамы онлайн-форматта жүргізіледі.

ЖӘРДЕМАҚЫ ҚАНШАҒА КӨБЕЙДІ

2026 жылдан бастап мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10%-ға артты. Төлем мөлшері:

  • I топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – 200 мың теңгеге дейін;
  • II топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – 154 мың теңгеге дейін;
  • III топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – 117 мың теңгеге дейін.
Back to top button