ЖаңалықтарТергеу

Оралда 30 жыл бұрын зорланған әйелдің арызынан соң полиция іс қозғады

Батыс Қазақстан облыстық полициясы зорлық фактісі 30 жыл өтіп барып айтылса да, қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

СӘУІРДЕ ТАРАҒАН БЕЙНЕҮНДЕУ

Қылмыстық іс неліктен қозғалғанын Ішкі істер министрлігі орынбасары Санжар Әділов түсіндірді.

Сәуір айының басында әлеуметтік желілерде видеоүндеу пайда болып, онда әйел 17-18 жасында зорлыққа ұшырағанын баяндады. Сөзінше, төрт ер адам оны Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде ұрып, зорлаған.

ВИЦЕ-МИНИСТР НЕ ДЕДІ

«Құқық бұзушылық тіркелгеніне көп уақыт өтсе де, қылмыстық іс қозғалды. Себебі бұл – жыныстық қол тигізбеушілікке қатысты мәселе. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аны-қанығын жариялай алмаймын. Қажетті тергеу шаралары жүргізілген соң тиісті ақпарат береміз», – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 120-бабы – «Зорлау» бойынша жүргізілмек.

Back to top button