Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы туралы бұрын видео жариялаған Әділет Молдаханға қатысты сот процесі басталды. Оған әдейі жалған ақпарат таратты деген айып тағылды, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
ӘДІЛЕТХАН МОЛДАХАН ДЕГЕН КІМ
Әділетхан Молдахан – Instagram желісінде миллионнан астам жазылушысы бар блогер. Әл-Фараби даңғылында үш адам қайтыс болған жол-көлік оқиғасы туралы сериялық жарияланымдардан кейін жұрт арасында есімі жиі атала бастады. Блогердің мәлімдеуінше, жол-апатына полицейдің қатысы болуы мүмкін.
31 наурыз күні Молдаханды ұстады. Қазір оған Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлімі, 3-тармағы бойынша айып тағылды (Бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялық желілерді пайдалану арқылы ашық түрде жалған ақпарат тарату).
БҰЛ БАПТЫҢ ЖАЗАСЫ ҚАНДАЙ
- 2026 жылғы мөлшер бойынша 3000 АЕК дейін айыппұл (шамамен 12 975 000 теңге),
- 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс,
- үш жылға дейінгі қамау немесе шектеу.
БЛОГЕРДІ КІМ СОТҚА БЕРДІ
Адвокат Асылбек Әбдірайымов хабарлағандай, іс бойынша Алматы ПД экс-басшысының орынбасары Ержан Узабаев (сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалаған) ПЕН Алматы әкімшілік полиция басқармасының экс-басшысы Серік Шумаев жәбірленуші болып отыр.
Екеуі де полиция полковнигі шенінде. Адвокаттың айтуынша, Молдаханың жарияланымдары салдарынан полицейлерге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, кейін олар қызметінен алынып, ІІМ резервіне ауыстырылған.
«Әділетхан Молдаханның Instagram парақшасында жәбірленушілерді «жалған нөмір мен тонировкасы бар жастарды қорғап отыр» деп көрсету арқылы жол-көлік оқиғасының себепкері етіп көрсетті. Сондай-ақ, ол Әл-Фараби даңғылындағы апат салдарын жәбірленушілердің салғырттығы, әрекетсіздігі мен белгілі бір тұлғалар мүдделерін қорғауымен байланыстырады деп жазды. Сараптама бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін анықтады», – деді Ержан Узабаевтың мүддесін қорғайтын адвокат.
Адвокаттың айтуынша, Узабаев блогерден 11 миллион теңге өндіруді көздеп отыр: 10 миллион теңге моральдық шығын және 1 миллион теңге өкілдік шығындар. Әбдірайымовтың мәлімдеуінше, оның сенімді адамы сотталушымен ымыраға келуге құлықсыз.
СОТТАЛУШЫНЫҢ ҰСТАНЫМЫ ҚАНДАЙ
Бірінші сот отырысы 1 маусымда өтті. Ол кезде Әділетхан Молдахан өзінің кінәсін толық мойындады. Бұл туралы сотталушының адвокаты Нұртуған Өмірзақ хабарлады.
«Бұл біздің қорғаулушымыздың жеке шешімі. Біз, адвокаттар, оның ұстанымына сәйкес әрекет етеміз. Ол өз білімі бар азамат және отбасымен кеңесіп барып осындай шешім қабылдады. Біз оны қолдауға міндеттіміз. Қылмыстық іс материалдары сот үкімі шыққанға дейін біз тарапынан түсіндіріле алмайды», – деді Нұртуған Өмірзақ.
Ол сондай-ақ қорғау тарапы сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту, істі жеңілдетілген тәртіпте қарау, сондай-ақ медиация жүргізуге уақыт беру туралы өтінішхат бергенін қосты.