TOP-1Жаңалықтар

«Бәріңізден жалынып сұраймын»: Ринат Зайыт “жалған ақпарат тарату” бабымен сотталғандарға ара түсті

Мәжілісте рақымшылық жасау туралы заң жобасы талқыланған кезде депутат Ринат Зайыт жұмыс тобында бұған дейін көтерген бастамалары қолдау таппағанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“ПРЕЗИДЕНТ БЕДЕЛІН АРТТЫРУҒА МҮМКІНДІК ТУДЫ”

Депутат алдымен ықпалды Парламент тіркесіне тоқталды.

Қазақстан Республикасында ықпалды Парламент деген қанатты сөзге айналған тіркес бар. Ықпалды Парламент мықты Президент қалыптастыруға себеп болатын бірден-бір фактор. Осы жерде Парламент өзінің ықпалын көрсетіп, Мемлекет басшысының халықаралық деңгейде беделін арттыруға мүмкіндік туып тұр, – деді депутат.

ДЕПУТАТ ӨТІНІШІ

Ол әріптес депутаттардың бәріне тек бір өтініш білдірді.

Сондықтан құрметті әріптестер, жалғыз сұрайтыным, бізде бір өкінішті жағдай бар. Әлеуметтік желіде комментарий жазғаны үшін сотталып жатқан адамдар бар. Барлық әріптесімнен жалынып сұраймын, осы мәселені, әсіресе 274 бап бойынша жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасауға бір ықпал етуге ат салысыңыздаршы, – деді Ринат Зайыт.

Back to top button