Жаңалықтар

Рақымшылық-2026: жаңа заң халықтың қаржылық жүктемесін қалай азайтады

Мәжіліс депуаты Қайрат Балабиев рақымшылық туралы заң жобасын қолдайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, ззаң жобаларының мақсаты гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіреді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Балабиевтің сөзінше, әкімшілік рақымшылық қолданылған жағдайда, Әкімшілік кодексте уәкілетті орган (лауазымды тұлға) салған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтату тәртібін регламенттейтін нормалар көзделеді.

“Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңда рақымшылық жасау актісі қолданылған жағдайда атқарушылық іс жүргізуді тоқтату негіздері көзделеді. Бұл нормалар азаматтарға сот орындаушысына жүгінбестен мүліктен және банктік шоттардан шектеу шараларын алып тастауға мүмкіндік береді. Рақымшылық актісі негізінде атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда, азаматтар атқарушылық санкцияларды төлеу және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қосымша шығыстардан босатылатынын қосымша атап өткен жөн”, – дейді ол.

Депутат осылайша, бұл нормалар процедураны жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар халыққа қаржылық жүктемені азайтатынын айтты. Сонымен қатар, заң жобаларын қабылдау:

  • рақымшылыққа жатпайтын адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту;
  • материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайларды жетілдіру;
  • босатылатын бюджет қаражатын қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға және жазаларды орындаудың халықаралық стандарттарын енгізу мәселелерін шешуге мүмкіндік бермек.

“Құрметті әріптестер, біздің құқықтық жүйеміздегі рақымшылық тек құқықтық механизм ғана емес, сонымен қатар маңызды профилактикалық құрал екенін атап өткім келеді. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Өз қателіктерін түсініп, түзету мүмкіндігіне ие бола отырып, адам қылмысты қайталамауға бейім болады. Сонымен қатар, рақымшылық – бұл мемлекеттің әлсіздігінің көрінісі емес, заңның жазалауы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік әділеттілікті сақтау, ескерту және қалпына келтіру қабілетіне сенімді мемлекет күшінің көрініс. Бүгін қаралатын заң жобалары Конституциялық реформалар рухына, әділ Қазақстанды құру міндеттеріне және азаматтарымыздың мүдделеріне сәйкес келеді.

Жұмыс тобы шеңберінде заң жобасын талқылау кезде депутаттар мен заңнама бөлімінің ұсыныстары қаралған. Мәжілістің барлық тұрақты комитеттері заң жобалары бойынша оң қорытындыларын берген.

Back to top button