ЖаңалықтарОқиғаПікір

Бишімбаев пен Қайрат мерзімінен бұрын түрмеден шыға ала ма

Мәжіліс кулуарында заң бойынша кімдерге амнистия қолданылмайтыны айтылды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында «Гипотетикалық түрде алып қарағанда, Перизат Қайрат пен Қуандық Бишімбаев түрмеден мерзімінен бұрын шығуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Аты аталған фигуранттар мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін емес. Қылмыстық кодекстің 78-бабы бойынша терроризмге, экстремизмге, мемлекетке сатқындық жасауға, жемқорлыққа, сондай-ақ қылмыстық топ мүшесі болуға  қатысты қылмыс жасаған адамдарға амнистия қолданылмайды», – деді Санжар Әділов.

Back to top button