Жаңалықтар

Айлығыңыз отбасыңызды асырауға жете ме – министрдің жауабы

Үкімет отырысына кейін өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қанша айлық алатынын, ол табысы отбасын асырауға жететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Tizgin.kz тілшісі министрден айлығы бір отбасын асырауға жететін-жетпейтінін сұрады.

«Айлығым жетеді. Жалпы отбасымда жұбайым және төрт балам бар. Айлығым – 1 млн 200 мың теңге. Екі балам ержетіп, бөлек шықты. Жұбайым жұмыс істемейді. Қызым мен үш жастағы кішкентай балама қарайды. Айлығым жеткілікті. Өзіміздің несиеміз де бар, бәріне жетеді», – деді Ертаев.

Back to top button