TOP-2ЖаңалықтарҚоғам

Декретке шығарда көп ақша тапқысы келген адамдар сотталуда: Министр ескерту жасады

9 іске қатысты сот шешімі шықты.

Декретке шығарда табысын өтірік көп етіп көрсетіп, ақша тапқысы келетіндер сотталып жатыр. Бүгін үкіметтегі баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев нақты мысалдарды келтірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Расымен әлеуметтік сақтандыру қорынан сондай істер қозғалды. Қазір оның тоғызына қатысты сот шешімі шығып қойды. Ақтөбе облысында болған мысал бар. Бір азаматқа 17 түрлі жерден төлем жүргізілген. Оның табысы шамамен 4 300 000 теңгеге дейін көтерілген. Мұның бәрі «помогайкалар» істеп берген нәрселер екені түсінікті ғой. Біз барлық материалды құқық қорғау органдарына жіберіп, соттың шешімі шықты. Олар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылып, екеуі 6 және 5,5 жылға сотталды», – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев.

Оның айтуынша, Ақтау қаласында да осыған ұқсас жағдай болған.

«Ақтау қаласында әртүрлі кәсіпкерлер арқылы өзіне төлем жасатып, жалақысын 4 200 000 теңгеге жеткізген. Оған қатысты сот шешімі шығып, сотталды. Біз әлеуметтік қорда ондай схемаларды жоямыз. Ондай құжаттар түсіп жатса, бірден құқық қорғау органдарына тапсырамыз», – дейді ол.

Back to top button