Зиянды жұмыс істейтіндердің көбі еліміздің қай өңірлерінде тұрады
Электр энергиясы, газбен жабдықтау саласында 40 мың жұмыскер жұмыс істейді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында елімізде еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыста істейтін жұмыскерлер туралы айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Министрдің айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанда еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер саны 479 мың адамды құрайды. Экономика салалары бойынша зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің 61% өнеркәсіп саласына еңбек етуде.
Электр энергиясы, газбен жабдықтау саласында 40 мың жұмыскер жұмыс істейді. Бұл еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдардың жалпы санының 8,5% құрайды.
«Аймақтар бойынша зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің басым бөлігі Қарағанды облысында – 84 мың адам, Павлодар облысында – 57 мың адам, Маңғыстау облысында – 43 мың адам және Шығыс Қазақстан облысында – 43 мың адам», – дейді Асқарбек Ертаев.