Қазақстан Ұлттық банкі 2026 жылдың мамыр айында валюта нарығында жүргізілген операциялар туралы ақпарат жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, өткен айда Ұлттық қордан 500 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатылған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ұлттық банк дерегінше, бұл жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 7,5%-ын құрады. Күн сайын нарыққа орта есеппен 29,4 млн доллар шығарылып отырған.
Реттеуші мамыр айында Ұлттық қор қаражатын пайдалану республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету мақсатында жүргізілгенін атап өтті.
Сонымен қатар, «айналау» операциялары аясында 354 млрд теңге көлеміндегі қаражат өтелген. Бұл операциялар теңгелік өтімділікті реттеу және қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында іске асырылады.
Міндетті сату нормасы аясында квазимемлекеттік сектор субъектілері де валюта нарығына қатысқан. Мамыр айында ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік ұйымдар жалпы көлемі 410 млн доллар болатын валютаны сатқан.
Ұлттық банк өткен айда валюта интервенцияларын жүргізбегенін де мәлімдеді. Яғни, теңге бағамын тікелей қолдау үшін нарыққа қосымша араласу болмаған.
Реттеуші маусым айына арналған болжамды жоспарды да жариялады. Оған сәйкес, алдағы айда Ұлттық қордан 200 млннан 300 млн долларға дейін валюта сату жоспарланып отыр.
Ұлттық банктің мәліметінше, валюта нарығындағы барлық операциялар ашықтық қағидаты негізінде жүзеге асырылады және қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.