ЖаңалықтарҚоғам

Роман Скляр «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінен шығарылды

Ол 5 мамырда Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді.

Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шығарылды. Оның орнына бұл қызметке Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев келді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл өзгеріс туралы ақпарат KASE алаңында жарияланған деректерден белгілі болды.

«Бәйтерек» холдингінің жалғыз акционері Роман Склярды директорлар кеңесі құрамынан шығару туралы шешімді 2026 жылғы 15 мамырда қабылдаған.

Роман Скляр 5 мамырда Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді.

Ал Нұрлыбек Нәлібаев 2026 жылғы 6 мамырда премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне кіріскен. Бұған дейін ол мұнай-газ саласында еңбек етіп, мұнай өнімдерінің саудасымен айналысқан. Мемлекеттік қызметтегі жолын 2005 жылы бастаған Нәлібаев әр жылдары Шиелі ауданын басқарды, Қызылорда қаласының әкімі болды, кейін Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарды.

Жаңартылған құрамда директорлар кеңесі 10 адамнан тұрады. Нұрлыбек Нәлібаевтан бөлек, кеңес құрамына Олжас Бектенов, Серік Жұманғарин, Нұрлан Байбазаров, Мәди Тәкиев, Ерсайын Нағаспаев, Рустам Қарағойшин, Дэниель А. Витт, Мэри-Елен Берар және Норберт Манфред Грундке кірген.

Back to top button