Жаңалықтар

Қайсар Қамзаны Қазақстанға қашан жеткізеді

Бас прокуратура Вьетнамда жүрген блогер Қайсар Қамзаға қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

ВЬЕТНАМҒА СҰРАУ ЖОЛДАНДЫ

Ведомствоның редакция сауалына берген жауабында Қазақстан тарапының Вьетнамға Қайсар Қамзаны экстрадициялау туралы ресми сұрау жолдағаны айтылған. Ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

«Қазір Вьетнам тарапы аталған сұрау бойынша шешім қабылдаған жоқ. Күдіктіге жарияланған іздеу тоқтатылған жоқ», – делінген Бас прокуратура жауабында.

ӨТІНІШ ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС ҚАРАЛАДЫ

Бас прокуратура өкілдері мәліметінше, Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы 2017 жылғы 15 маусымда жасалған экстрадиция туралы келісімде мұндай сұрауларды қараудың нақты мерзімдері белгіленбеген. Осыған байланысты өтініш Вьетнамның ұлттық заңнамасына сәйкес қаралады.

Back to top button