Мұнай нарығы сабасына түсіп келе ме: Brent бір айда 13% арзандады
Соңғы апталарда құбылмалы динамика бәсеңдеген жоқ.
Investing.com платформасындағы Brent Oil Futures деректеріне сүйенсек, мамыр айында Brent маркалы мұнай 13,28% арзандаған. Дегенмен мұнай нарығы әлі де құбылмалы, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Investing.com платформасындағы деректер мұнай бағасы қысқа мерзімде төмендегенімен, әлі де қымбат аймақта қалып отырғанын көрсетеді.
Соңғы бір аптада Brent бағасы 2,42% төмендеген. Бір ай ішіндегі төмендеу – 13,28%. Бұл мұнай нарығында қысқа мерзімді түзету жүріп жатқандай көрінеді. Алайда үш айдың өлшемімен қарасақ, Brent шамамен 29,43% өскен. Бір жылдық кезеңде 46,81% өсім болған.

Қазір Brent бағасы шамамен 93-94 доллар маңында сатылып жатыр. Бұл тарихи тұрғыдан әлі де салыстырмалы жоғары диапазон болып есептеледі. Қазақстанның 202-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетінде мұнай бағасы базалық сценарий бойынша баррельіне 60 доллар деп көрсетілген.
Айта кету керек, Иран Таяу шығыстағы Ормуз бұғазы арқылы өтетін тауар тасымалын шектегеннен кейін, мұнай бағасы қатты құбылып бастаған болатын. Кейбір халықаралық сарапшылар Ормуз айналасындағы дағдарыстан пайда көрген саналуы мемлекеттің бірі Қазақстан деп баға берген. Алайда Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдар мен, Теңіз жобасындағы өрт, Мәскеудің Дружба құбырын Қазақстан мұнайының транзитіне жабуы экспорт көрсеткіштеріне кері әсер етіп жатыр.