ЖаңалықтарТергеу

Атырауда оқушыны соққыға жығу оқиғасы бойынша іс қозғалды

Зардап шеккен оқушының анасы мамырдың 29-ы күні пәтерге қамап, қинап ұстағанын айтып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

АНАСЫ НЕ ДЕЙДІ

Atyrau.today ақпаратынша, сегізінші сынып оқушысын ұрып-соққандардың бас-аяғы – тоғыз. Барлығы кәмелетке жасқа толмағандар.

Анасының сөзінше, сағат 15:00 мен 18:00 аралығында олар баласын пәтерден шығармай, кезек-кезек соққан. Сондай-ақ әйел оқиғадан соң жанжалға қатысы барларды өз бетінше іздеуге мәжбүр болғанын, ал сот-медициналық сараптама бірден тағайындалмағанын айтты.

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғамда резонанс туғызды. Тұрғындар оқиғаға объективті әрі жан-жақты тергеу жүргізуді талап етуде.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМЕТІ

Атырау облыстық полиция департаменті мәліметінше, оқиғаға қатысы бар 15-16 жастағы барлық жасөспірім анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке қойылып, жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жолданды. Ал олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – делінген ақпаратта.

Тергеу жалғасып жатыр.

Back to top button