$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Без рубрики

Tizgin.kz ақпарат порталына мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлікті 2025 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті берген.

Жоба жайлы

        Tizgin.kz – Қазақстан мен әлем жаңалықтарын интернет арқылы таратып, әртүрлі маңызды тақырыпқа терең үңілетін қоғамдық-саяси әрі ақпараттық-сараптамалық интернет-басылым. Біз жұртшылықтың үнін билікке жеткізіп, оқырман қауымға объективті ақпарат таратуды мақсат етеміз. Tizgin.kz негізгі ақпарат порталынан бөлек, YouTube, Meta, Instagram, TikTok, Telegram арқылы ақпарат пен видеоларды таратады.

Редакция саясаты

       Tizgin.kz шама-шарқынша, қолдағы ресурстардың қауқарымен әртүрлі саланың, әлеумет, қоғам, әдебиет пен тарих, экономика мен бизнес секторын қамтиды. Әр саланың өзекті мәселелеріне үңіледі. Адам қақының, бостандығының, сөз еркіндігінің қорғалуына баса маңыз береді. Журналистиканың халықаралық стандарттарына сәйкес, жұмыс істеуге барын салады. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландырудың мазмұнына жарнама беруші жауапты болады.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button