TOP-2
LRT-мен жүргендер саны екі аптада миллион жолаушыдан асты
Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Әкімнің сөзінше, LRT ашылған сәттен бастап екі апта ішінде жолаушылар ағыны 1 млн адамға жеткен. Күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш қалалық рельсті көліктің жаңа түрі елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.
“LRT-ны белсенді пайдаланып, жаңа көлік жүйесіне сенім артқаны әрі инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін жолаушыларға алғысымды білдіремін. Сол сияқты LRT-ның Қосшы бағыты бойынша екінші кезеңін іске асыру жұмысы басталды. Жобаның жүзеге асуы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді”, – дейді ол.