Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда алименттен жалтарған борышкер түрмеге қамалды

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкер қылмыстық кодексінің 139-бабы (алимент төлеуден жалтару) бойынша кінәлі деп танылып, алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп жазады Бас прокуратураның ресми сайты.

Сотта сотталғанның бір жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған баласын асырау жөніндегі сот шешімін орындаудан жалтарғаны анықталды. Ақыры, алимент бойынша 4 млн теңге көлемінде берешек қалыптасқан.

Бұған дейін борышкер осыған ұқсас құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып, алайда рақымшылық актісін қолдануға байланысты жазадан босатылған. Соған қарамастан, тиісті қорытынды жасамай, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтаруын жалғастырған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Биыл 4 айда Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша 21 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде: 7 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған; 5 іс бойынша айыптау үкімдері шығарылған; қалған қылмыстық істер өндірісте.

Осыған байланысты прокуратура сот шешімін орындамау үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады.

Back to top button