Жаңалықтар

Қазақстанда жел күшейіп, кей өңірде күн +40 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында ауа райы құбылмалы болады. Аталған өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

30-31 мамыр күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.

Ал республиканың қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ ел бойынша желдің күшеюі болжанып отыр. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +20…+25 градусқа дейін жетсе, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда +23…+38 градусқа дейін ысиды. Ал елдің оңтүстігінде аптап ыстық күшейіп, сынап бағаны +30…+40 градусқа дейін көтеріледі.

Back to top button