ЖаңалықтарТергеу

Ұлын жүк көлігі қағып өлтірген ана жүргізушіні кінәлап отырған жоқ

26 мамыр күні Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысында жүк көлігі кәмелетке толмаған велосипедшіні қағып, бала алған жарақатынан сол жерде жан тапсырған болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“ЕШТЕҢЕНІ КЕРІ ҚАЙТАРА АЛМАЙМЫЗ”

Аталған оқиғадан соң анасы әлеуметтік желілерде жазба жариялап, қайғылы шақта отбасын қолдаған барлық адамға алғысын жеткізді. Сондай-ақ ұлы қандай адам болғанын айтып берді. Әйелдің сөзінше, Глеб өмірге құштар болған.

Сонымен бірге ол жүк көлігі жүргізушіге кінә тақпайтынын да айтты.

«Өзіңді, жүргізушіні, велосипедті, бейқамдығымызды айыптауға болады. Бірақ олай еткенмен ештеңені кері қайтара алмаймыз», – деп жазды марқұмның анасы.

ПОЛИЦИЯ ІС ҚОЗҒАҒАН

Одан бөлек, ол балаларға махаббат туралы жиі айтып, сақтық танытуға шақырды.

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция мән-жайды анықтап жатыр.

Back to top button