Білім

Алматы облысында 1100 оқушы тегін тамақсыз қалған

Алматы облысында мыңнан аса бала мектепте тегін ыстық тамақсыз қалған. Мұны прокуратура анықтады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Прокуратура мәліметінше, өңірдегі 70-тен астам мектепте аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету талабы орындалмаған.

«Тексеру нәтижесінде облыстың 70-тен астам мектебінде (Еңбекшіқазақ ауданы – 45, Талғар – 7, Жамбыл – 5, Ұйғыр – 14, Қарасай – 4, Қонаев қаласы – 9) аталған талаптардың сақталмағаны анықталды. Нәтижесінде 1 101 бала мемлекеттік қолдаудың бұл түрімен қамтылмаған.», – делінген хабарламада.

Прокуратураның араласуынан кейін оқушылар толықтай тамақпен қамтамасыз етіліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Back to top button