Тергеу
Жамбылда СОБР қызметкері атылып қалды
Жамбыл облысына қарасты Кордай аудандық полиция бөлімінде арнайы жылдам әрекет ету жасағы (СОБР) қызметкері атылып қалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ТАБЕЛЬДІК ҚАРУДАН АТЫЛДЫ
Halyqstan телеграм-арнасы мәліметінше, ол 1995-жылы туған. Лейтенант өз маңдайынан табельдік қарудан атты. Тапанша SIG Sauer маркалы болуы мүмкін. Оқиға орнына жедел жеткен ақ халаттылар оны ауыр халде аудандық орталық ауруханаға шұғыл жеткізді.
ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАН ТАПСЫРДЫ
Өкінішке қарай, кеше кешкісін ол есін жимастан, жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Тәртіп сақшысының неліктен бұл қадамға барғаны әзірге белгісіз.