Қазақстан АЭС құрылысына қажет заңнаманы Ресеймен бірге бейімдемек

Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында 28 мамырда Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Ресейдің экологиялық, технологиялық және атомдық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі жаңа құжатты бекітті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Құжатқа атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану кезінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру мақсатында 2026-2030 жылдарға арналған ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды көздейді. Құжат қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға және екі елдің бейінді ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.

“Жоспар лицензиялау, бақылау-қадағалау қызметі, сараптамалық консультациялар, семинарлар, тағылымдамалар және ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу мәселелері бойынша кәсіби өзара іс-қимылдың өзге де нысандары салаларында тәжірибе алмасуды қоса алғанда, бірлескен іс-шаралар өткізуді көздейді. Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, кадрлық әлеуетті дамытуға, сондай-ақ атом электр станциясын салу жобасын іске асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын бейімдеу және үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады”, – делінген агенттіктің хабарламасында.
Жоспарды іске асыру екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеудің ұлттық жүйесін дамытуға, халықаралық тәжірибе мен үздік практикаларды енгізуге, сондай-ақ бейбіт мақсатта атом энергиясын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тиімді реттеушілік инфрақұрылымды қалыптастыруға ықпал етеді.
