“Сіздерге адамның өмірі қымбат па, ақша қымбат па”: Жаңбыршин депутаттарға шүйлікті

Мәжілісте экологиялық заңнамаға өзгерістерді енгізу мәселесі қызу талқыға түсті. Депутат Еділ Жаңбыршин әріптес депутаттарға шүйлікті. Олар заң жобасындағы кейбір нормалар кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіреді деп құжатты қолдамаған. Осы жағдай Жаңбыршиннің ашуына тисе керек, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“ЗАҢДЫ ДА, ТҮЗЕТУДІ ДЕ ОҚЫҒАН ЖОҚСЫЗДАР”
Депутат құс фабрикасы болсын, шошқа фабрикаларыңыз болсын – дұрыс жұмыс істеуге шақырды. Осылайша, депутаттардың бизнесі барына меңзеді.
Бүлдірмеңіздер. Сонда сіздерге сұрақ болмайды. Сіздер заңды да, түзетуді де әлі дұрыс оқыған жоқсыздар. Бірінші не жазылғанын оқыңыздар, – деді Жаңбыршин.
Оның айтуынша, түзетуде бәрі ап-анық жазылған. Алдымен прокуратурадан хабарлама түсетін көрінеді.
Мысалы, мынадай жағдай болады. Атырауда НПЗ (мұнай өңдеу зауыты) күкіртсутек шашады немесе Маңғытсуда ауаға газ тарайды. Жанындағы битум зауыты небәрі бір шақырым жерде. Кеше Казцинкте болған апаттан үш адам көз жұмды. Кім жауап береді? Олардың қанын сіздер мойындарыңызға аласыздар ма, сөйлеп отырған депутаттар? – деді ол.
1500 БАЛА ТАМАҚТАН УЛАНДЫ
Еділ Жаңбыршин кәсіпкерлік кодексте көп нәрсе бүлінгенін алға тартты. Маңғыстауда 1500 баланың тамақтан уланғанын мысал етті.
Сіздерге адам өмірі қымбат па, ақша қымбат па? Маған соны айтыңдаршы. Егер бизнес дұрыс жұмыс істейтін болса, ешқандай сұрақ жоқ. Бірақ мойынан алған міндеттемені орындамас, онда оларға сұрақ бар, – деді депутат.
Посмотреть эту публикацию в Instagram