TOP-2Тергеу

500 томдық істе “Алмасбек алдады” дейтіндей бірде-бір сөз жоқ – Садырбай

1,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінген Алмасбек Садырбай журналистермен аз уақыт тілдескен сәтінде өз ісі жайлы бір-екі ауыз пікір білдіріп үлгерген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Айыптау актісінің өзі 90 беттен тұрады. 500 томдық іс! “Алмасбек Садырбай ақшаны алды, алдады” деген бірде-бір сөз естідіңіздер ме? Жазу да жоқ, сөз де жоқ, түк те жоқ. Қазақ шаруасының мемлекеттен ала алмай қалған көмегіне менің қатысым бар. Бұлар бүкіл қазақ шаруасының алғанын маған “іліп” жатыр”, – дейді ол The Qazaq Times басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Алмасбек Садырбай 2024 жылы 6 қарашада 1,2 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді. Іс бойынша тергеу мен сот процесі екі жарым жылдан бері жалғасып келеді.

Судья сот залында тілшілерге ұялы телефонмен түсірілім жасауға рұқсат бермеген. Оның сөзінше, сот процесін тек кәсіби камерамен түсіруге болады.

Алмасбек Садырбайға қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық), 262-бабы (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сондай-ақ оған қатысу), 218-бабы (қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру бойынша айып тағылып отыр.

Back to top button