TOP-2Спорт

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бес айдан бері неге айлығын ала алмай жүр

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Тимур Балымбетовке берген сұхбатында 2026 жылғы Олимпиададағы жеңісінен кейін бірнеше айдан бері жалақы алмай жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Мен үшін осы жағдайдың өзі біртүрлі. Бес айдан бері маған айлық төлемеді. Келесі маусымға қалай дайындалу керектігін білмей жүрмін”, – дейді ол.

Спортшының айтуынша, одан дәрігерді де алып қойған, сондай-ақ жаңа маусымға дайындық мәселесі әлі күнге дейін нақты шешілмеген. Чемпионның бұл даулы мәлімдемесі әлеуметтік желілер мен спорт қауымдастығында қызу талқыланды.

Шайдоровтың сынынан кейін Спорт министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

«2026 жылдың қаңтар және ақпан айлары үшін Михаил Шайдоровқа жалақы бұрын қолданыста болған келісім негізінде толық көлемде төленді. Осы жылдың наурыз айынан бастап жаңа олимпиадалық циклдің басталуына байланысты жаңа еңбек шартын жасау жоспарланған. Бұл құжатта спортшының жоғары мәртебесін ескере отырып, қаржыландыру шарттарын едәуір жақсарту қарастырылған. Қазіргі уақытта келісімшарт жобасы тараптар арасындағы өзара талқылау және заңдық тетіктерді келісу сатысында тұр. Осыған байланысты құжатқа қол қою процесі созылып кетті. Төлемдер келісімшарт жасалғаннан кейін бірден қайта басталады», – деп хабарлады министрлік.

Министрлікте сондай-ақ мемлекет Миландағы Олимпиададағы жеңісі үшін Михаил Шайдоров алдындағы барлық міндеттемені толық орындайтынын атап өтті.

Back to top button