Жаңалықтар

Мамыр айының соңғы күндері ауа райы қандай болады

Қазақстанда мамыр айының соңында ауа райы күрт құбылып, елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей өңірлерде бұршақ жауып, дауылды жел соғады, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 28–30 мамыр аралығында Қазақстанға солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Соның салдарынан батыс пен солтүстік-батыста, 28 мамырда оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде, ал 28–29 мамыр күндері солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауады.

«Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды», – делінген мәліметте.

Сондай-ақ кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел күшейеді. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады.

Ауа температурасы да тұрақсыз болады. Батыста күндіз 15–25 градусқа дейін салқындаса, солтүстік пен орталықта бастапқы күндері 17–25 градус шамасында болады. Алайда мамыр соңына қарай бұл өңірлерде күн қайта жылып, 33 градусқа дейін көтеріледі.

Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аптап ыстық қайта оралады. Кезең соңында ауа температурасы 38 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Back to top button