ЖаңалықтарОқиға

Павлодар облысындағы ұшақ апаты: ұшқыш жансақтау бөлімінде жатыр

Ұшқыш барлық қажетті ем-домды алып жатыр.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, 1998 жылы туған ұшқыш облыстық ауруханадан Павлодарға апаттар медициналық орталығына тікұшақпен жеткізілген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау департаменті ер адамның Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау бөліміне бірнеше жарақат диагнозымен түскенін хабарлады.

Ұшқыш барлық қажетті ем-домды алып жатыр.

«Жансақтау бөліміндегі алғашқы күн әрқашан ауыр деп бағаланады. Бұл хаттама. Бірінші күн оның жағдайын бақылауға жұмсалады», – деп атап өтті Павлодар қалалық №1 ауруханасы.

Еске сала кетсек, АН-2 ұшағы бүгін, 27 мамыр күні таңертең Павлодар облысындағы Железинка ауылының маңында апатқа ұшырады. АН-2 әуеден химиялық жұмыстар жүргізіп жатқан және электр желілеріне соғылған. Борттағы ұшқыштың бірі оқиға орнында көз жұмса, екінші ұшқыш жансақтау бөлімінде жатыр.

Back to top button