ЖаңалықтарҚоғам

«Өзіңнен үлкен тұлға көрем»: мектеп директоры мен оқушының әні елді сүйсінтті

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы мектеп-лицей директоры мен оқушысы соңғы қоңырауда ән шырқады.

Соңғы соңырау күні С.Сейфуллин атындағы көпсалалы мектеп-лицейінің директоры Орынбасар Искакова мен мектеп оқушысы шырқаған ән көпшіліктің көңілінен шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Салтанатты соңғы қоңырауда «Соңғы рет өлең жолдарын арнаймын мектебіме», «Ерекшесің өзгеден мүлде, Өзіңнен үлкен тұлға көрем» деп ән шырқаған мектеп директоры мен оқушы әлеуметтік желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді.

Оқырмандар «Керемет! Ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс әрдайым осындай мейірімге толы болсын!», «Мектеп басшысы керемет абзал жан. Түлектеріңіз жақсы атаққа ие болсын!», «Бұл көріністі шексіз көре бергім келеді. Бұл еліміз бойынша соңғы қоңыраудағы ең керемет сәт деп ойлаймын» деген пікірлер жазды.

Back to top button