Ербаян Мұхтар шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды

Әскери борышын өткеру кезінде бас сүйек-ми жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтар шұғыл түрде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бұл туралы ақпаратты Ербаянды емдеп жатқан Ұлпан Советбекқызы жарияланды.
“Қазір мен өзім де ем қабылдап, аурухана парағында жүргеніме қарамастан, Ербаянның ата-анасының өтініші бойынша осы мәлімдемені жасап отырмын. Себебі Ербаян жансақтау бөлімінде жатыр, ал ата-анасы оның денсаулығына қатысты қажетті ақпараттарды толық ала алмай отыр. Сол себепті баршаңыздан бейжай қалмай, қолдан келгенше көмектеріңізді аямай, қолдау білдірулеріңізді сұраймыз. Оған дұға жасап, жақсы тілектеріңізді арнаңыздар. Қазіргі сәтте бұл ол үшін де, отбасы үшін де өте маңызды. Қолдау білдіріп, алаңдап жүрген әрбір жанға үлкен рақмет!” – делінген хабарламада.
Еске салайық, Ұлттық ұлан өкілдері әскери борышын өтеп жүрген сарбаз Ербаян Мұхтар дәретханада құлап қалып, жарақат алғанын мәлімдеген еді. Алайда жігіттің ата-анасы бұған сенбейді. Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсанында ауруханаға түскен, оған 5 рет ота жасалды.