Жаңалықтар

Жасөспірімдер қалай заңды түрде жұмыс істей алады – министр айтып берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкіметі отырысында жасөспірімдерді заңды түрде жұмыспен қамту мүмкіндіктері мен оларды алаяқ жұмыс берушілерден қорғау тетіктері туралы айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ЕЛД ҚАНША ЖАСӨСПІРІМ БАР

Министрдің айтуынша, елде шамамен 1,7 миллионға жуық жасөспірім бар. Олардың басым бөлігі оңтүстік өңірлерде шоғырланған: Түркістан облысында – 236,6 мың, Алматы облысында – 143,5 мың, Жамбыл облысында – 120 мың. Сондай-ақ Алматыда – 161,8 мың, Астанада – 107 мың және Шымкентте – 112 мың жасөспірім тұрады.

Ведомство басшысы қазір 5,3 мың оқушының жұмыспен қамтылғанын атап өтті. Жасөспірімдер көбіне сауда, қызмет көрсету, ойын-сауық және қоғамдық тамақтану салаларында еңбек етеді. Олардың арасында көгалдандырушы, курьер, даяшы, сатушы-консультант, аспаз көмекшісі және аниматор сияқты алғашқы еңбек тәжірибесін беретін мамандықтар бар.

ҚАНША ОҚУШЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Министр сондай-ақ жасөспірімдердің ресми түрде жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін арнайы цифрлық платформа туралы айтты. Оның сөзінше, 14 жастан бастап оқушылар мен студенттерде жүйеге тіркеліп, жеке кабинет ашуға мүмкіндік бар. Түйіндеме орналастырып, бос жұмыс орындарын өздері іздей алатын көрінеді. Ал 16 жасқа толмағандар үшін тіркеу ата-аналар немесе заңды өкілдер арқылы жүзеге асырылады. Платформа еңбек шарттарының заңды түрде рәсімделуі мен қауіпсіз жұмыс іздеу үдерісін қамтамасыз етеді.

Жыл басталғалы осы жүйе арқылы 1 024 оқушы жұмысқа орналастырылған. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 4 552 адамды құраған.

Бұдан бөлек, жасөспірімдер арнайы біліктілікті қажет етпейтін қоғамдық жұмыстарға да тартылады. Мұндай жағдайда олардың ай сайынғы табысы кемінде 24 АЕК-ті құрайды (2026 жылы – 103 800 теңге).

Back to top button