TOP-2Эксклюзив

Үш айда Kcell қоржынына байланыс қызметтерінен 46 млрд теңге түсті

Байланыс операторының таз пайдасы бір жылда 3,5 есе өскен

Тоқсандың қаржылық есепке сүйенсек, Kcell компаниясы қаңтар-наурыз аралығында байланысқа қызмет көрсету сегментінен 46 млрд теңге тапқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оператордың жаалпы тоқсандық түсімі 67 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде құрылғы мен жабдық сатудан 12,8 млрд теңге түскен.

Осының арқасында Kcell-дің таза пайдасы 2025 жылдың І тоқсанында 1,2 млрд теңге болса, биылғы үш айда 4,3 млрд теңгеге дейін өсіп, шамамен 3,5 есе артқан.

Есепте 2026 жылдың алғашқы тоқсанында дивиденд жарияланбағаны көрсетілген.

Сонымен қатар, компанияның қарыз жүктемесі 143 млрд теңгеден асты. Оның негізгі бөлігі 4G және 5G желілерін жаңғырту мен кеңейтуге бағытталып отыр. Үш айда компания 153 жаңа 5G базалық станциясын іске қосқан.

Back to top button