ЖаңалықтарҚоғам

Ақтаудағы аққулар тұрғындарды таңғалдырды: маман жауабы

Жергілікті тұрғындар Ақтаудан шамамен 50 шақырым жерде, Песчан мүйісіне қарай он шақты аққуды байқаған.

Қала тұрғындары аққулардың неге мұндай уақытта бұл аймақта жүргеніне таң қалды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

«ECO-SOCIAL» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры және Орталық Азияға арналған Рамсар аймақтық бастамасының Қазақстандағы PR өкілі Әділбек Қозыбақов түсіндіргендей, бұл жерде ерекше ештеңе жоқ.

Оның айтуынша, бейнежазбада мылқау аққу түсірілген болуы мүмкін.

«Бұл таңқаларлық жағдай емес. Мылқау аққулар біздің аймақта тек күзде, қыста және көктемде ғана кездеспейді. Олар жазда аз болса да ұя салады», – деп түсіндірді маман.

Әділбек Қозыбақов сегіз жылдан бері Қаракөл көлінде аққу жұптарын балапандарымен бақылап келеді.

Back to top button