ЖаңалықтарҚоғам

Жауын-шашын, үсік: алдағы күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтілуде.

«Қазгидромет» синоптиктері 26, 27, 28 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  Tizgin.kz.

Болжам бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктер өткен кезде Қазақстанның көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтілуде.

«Жаңбыр мен найзағай күтілуде. 27 мамырда батыста, 27-28 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталық аймақтарда, ал 28 мамырда солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ және боран күтілуде», – дейді метеорологтар.

Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтілуде.

26-27 мамырда түнде Шығыс Қазақстанда -2 градусқа дейін суытады.

Ауа температурасы біртіндеп төмендейді: күндізгі ауа температурыа батыста 16-28 градус, солтүстік және орталық аймақтарда 18-25 градус , шығыста 23-30 градус, оңтүстікте 20-27 градус жылы болады.

Back to top button