$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

Шерзат Полат ісі: сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында адвокат Мейірман Шекеев мәлім етті, деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.

Мейірман Шекеевтің сөзінше, Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі қайта қаралатын апелляциялық отырыс биыл 18 тамызға белгіленген. Сот Алматы облыстық сотының ғимаратында қаралады.

Сонымен қатар, осы іс бойынша сотталғандардың бірі – жасөспірім Думан Ысқақ жазасын өтеп, бостандыққа шыққан.

Үкім

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған.

Биыл 5 маусымда Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі шегіне жеткен. Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен: Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды. Равиль Сакиев 20 жыл, Шыңғыс Белғожаев 7 жыл; Дархан Әскентай 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда); Нұрбол Тоқтаубаев 7 жыл, Азамат Тоқтаубаев 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда), Дидар Қалиахмет 7 жылға, кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің  434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептеледі.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button