TOP-2Жаңалықтар

Түркия Өзбекстанға генерал бастаған әскери кеңесшілерін жібереді — БАҚ

Түркия бұған дейін Әзербайжандағыдай Өзбекстан армиясын қайта ұйымдастыруға жәрдемдесу үшін генерал-майор басқаратын делегация жібереді. Бұл туралы Түркиядағы Yeni Şafak басылымы жазды.

Басылым мәліметінше, Түркияның ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер бұл жөнінде “біз шынайы қолдау көрсететін бауырлас әрі достас елдер Түркия үлгісіндегі қарулы күштер құрылымын қалыптастырғысы келеді” деп мәлімдеген.

“Бізді терең тарихи және мәдени байланыстар біріктіретін достас әрі бауырлас Өзбекстанмен жалғасып жатқан әскери ынтымақтастық аясында, бұған дейін Әзербайжанға жіберілгендей, Өзбекстанға да генерал-майорымыз жетекшілік ететін консультативтік топ жолданды”, – деген ол.

Yeni Şafak — Түркиядағы үкіметшіл бағытымен танымал жеке медиа. Газет 1994 жылы құрылған, қазір президент Режеп Тайып Ердоған мен AK Parti саясатын жиі қолдайтын БАҚ ретінде белгілі.

Back to top button