ЖаңалықтарҚоғам

Алматыда үшем дүниеге келді

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді.

Алматының № 2 қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, 7 мамыр күні бір отбасында бірден үш қыз өмірге келген. Олар ерлі-зайыптылардың үшінші, төртінші және бесінші балалары атанды.

Бұған дейін отбасы екі бала тәрбиелеп отырған.

«Сәбилер жүктіліктің 35-аптасында кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Жаңа туған нәрестелердің салмағы 1399, 1694 және 1677 грамм болған. Туғаннан кейін қыздар жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөлімінде болып, үш күн бойы қажетті медициналық көмек пен СИПАП аппараты арқылы тыныс алды. Қазіргі уақытта балалар анасымен бірге бір палатаға ауыстырылған. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің жағдайы тұрақты әрі олар мамандардың бақылауында», – деп жазылған хабарламада.

2026 жылдың басынан бері бұл №2 қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген алғашқы үшем. Бұған дейін орталықта 41 егіз жарық дүние есігін ашқан.
Жаңа туған сәбилердің анасы орталықтың медицина қызметкерлеріне көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

«Медбикелер мен дәрігерлер әрдайым көмектесіп, қолдау көрсетеді. Бізге үлкен көңіл бөлді», – деді үшемнің анасы.

Back to top button