Жаңалықтар

Демалыста ауа райы қандай болады

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер бірқатар өңірде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл және түнгі үсік болатынын ескертті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Ал шығыс аймақтарда түнгі уақытта жаңбыр мен сулы қар түріндегі жауын-шашын сақталады.

23 мамыр күні Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Сонымен қатар 24–25 мамыр аралығында оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

Республиканың қалған бөлігінде көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен ел бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде тұман түседі.

Синоптиктер түнгі үсік қаупі туралы да ескертті. Солтүстік-шығыс, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде -1…-3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Сонымен қатар елімізде күндізгі ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:

  • батыста — +28…+35°C дейін;
  • солтүстікте және орталықта — +20…+32°C дейін;
  • шығыста — +17…+25°C дейін;
  • оңтүстікте — +22…+35°C дейін;
  • оңтүстік-шығыста — +20…+28°C дейін.
Back to top button