Тергеу

ҰҚК белгиялық инвесторға іздеу жариялады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Фрэнк Джозеф Монстрейге іздеу жариялағаны белгілі болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ашық деректерде оның Қазақстанның мұнай нарығына Nostrum Oil & Gas PLC компаниясы арқылы инвестор болғаны айтылады.

Белгиялық кәсіпкердің есімі қазақстандықтарға Мұхтар Әблязовтың ісі арқылы танылды деуге болады. 2005–2009 жылдары BTA Bank басқарған Мұхтар Әблязов банк қаражатын заңсыз шығарды деген айыптармен үлкен халықаралық дауға іліккен болатын.

ТАСС агенттігінің жазуынша, 2017 жылы БТА кейбір активтер түптеп келгенде Әблязовтың ықпалымен байланысты болуы мүмкін деп күдіктеніп, Nostrum Oil & Gas PLC компаниясындағы акцияларды бұғаттатқан. Ал ол акциялардың 13,2%-ын Nostrum-ның бұрынғы төрағасы Frank Monstrey бақылаған. Кейін БТА мен Claremont келісімге келіп, акцияларға салынған шектеу алынған.

Айта кетейік, Nostrum Oil & Gas PLC компаниясына кезінде Тимур Құлыбаев та бақылаушы үлесі бар акционер болғаны туралы деректер бар.

Back to top button