TOP-2ЖаңалықтарТергеу

Айыбы неде – Қонаевта Алмасбек Садырбайдың соты өтіп жатыр

Қонаев қаласында 1,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінген Алмасбек Садырбайға қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Айта кетейік, Алмасбек Садырбай 2024 жылы 6 қарашада 1,2 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді. Іс бойынша тергеу мен сот процесі бір жарым жылдан бері жалғасып келеді.

Судья сот залында тілшілерге ұялы телефонмен түсірілім жасауға рұқсат бермеген. Оның сөзінше, сот процесін тек кәсіби камерамен түсіруге болады.

ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛЫП ОТЫР

Қазір сот залында айыптау актісі оқылып жатыр. Алмасбек Садырбайға қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған. Нақтырақ айтқанда, ол алаяқтық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған қаражат пен мүлікті заңдастыру баптары бойынша жауапқа тартылуда.

Алмасбек Садырбайға қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық), 262-бабы (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сондай-ақ оған қатысу), 218-бабы (қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру бойынша айып тағылып отыр.

Back to top button