Жаңалықтар
Бірден “аға лейтенант” болады – елде әскери түлектерге атақ беру тәртібі өзгерді
Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектерге әскери атақ беру тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Айгерім Ағылтаеваның айтуынша, енді Қазақстанның және шетелдердің әскери, арнаулы оқу орындарын жоғары білім бағдарламасы бойынша үздік бітірген курсанттарға бірден «аға лейтенант» әскери атағы беріледі. Сондай-ақ, олар қызмет орнын өз қалауы бойынша таңдау құқығына ие болады.
Бұл өзгерістер Мемлекет басшысы қол қойған заң аясында енгізіліп отыр. Жаңашылдық әскери қызметтің беделін арттырып, курсанттарды жоғары нәтижеге ынталандыруға бағытталған.