Жаңалықтар

Құрылыста жүрген: Алматыда 25 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Алматыда жоғалып кеткен 25 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр. Оны куәгерлер соңғы рет 19 мамыр күні құрылыс нысанындағы жұмысынан шығып бара жатқан кезде көрген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Алматыда жоғалып кеткен 25 жастағы ер адамға қатысты іздеу ориентировкасын Instagram желісінде LIDER.KZ еріктілері жариялады.

Мәліметке сәйкес, оңтүстік астанада 2000 жылғы 18 желтоқсанда туған Егизбай Ерзат Шалқарұлы жоғалып кеткен.

«19 мамыр күні шамамен сағат 14:30-да Жетісу ауданындағы Райымбек көшесінде орналасқан 147Б үйі маңындағы құрылыс нысанынан жұмыстан шығып кеткен», – деп хабарлады еріктілер.

Жоғалған азаматтың белгілері: бойы 165-170 см, дене бітімі орташа, шашы қысқа әрі қара түсті. Үстінде қара кепка, қоңыр жилет, қоңыр кофта, қара шалбар және қара кроссовка болған.

Жоғалған азаматтың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан +7 701 375 92 91, +7 705 105 31 31 нөмірлері арқылы еріктілермен байланысу немесе 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласу сұралады.

Жетісу аудандық полиция басқармасында іздестіру ісі тіркелген. Қазіргі уақытта хабар-ошарсыз кеткен азаматтың жүрген жерін анықтап, оны үйіне қайтаруға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Back to top button