«Бұрылып келіп қаққан»: әйелін қағып өлтірді деген полицей ісі бойынша тың деректер шықты
Алматы облысында тәртіп сақшысы әйелі Дарина Қабдолданованы Hyundai Elantra көлігімен қағып өлтірді деген күдікпен ұсталды. Екеуінің арасындағы кикілжің неден шығып, оқиғаның қалай болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Tizgin.kz Время басылымына сілтеме жасап.
ЖАНЖАЛ НЕДЕН БАСТАЛДЫ
Тараған ақпараттарға мән берсек, әйел де бұрын полицияда қызмет еткен көрінеді. Екеуі сонда танысып, бірін-бірі ұнатқан. Дегенмен Алматы облыстық полиция департаменті бұны әлі ресми растамады.
Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын 37 жастағы Бауыржан Қабдолданов Қонаевтағы Алматы облыстық полиция департаментінде қызметтік іссапармен болған. Ол қарамағындағылар тергеген бірнеше қылмыстық істі сараптамаға алып келген. Бауыржан Даринаны өзімен бірге алып келген екен.
Тағы бір нұсқаға сенсек, отбасылық жанжал 16 мамыр күні таңертең үйге бара жатқан жолда болған. Қабдолданов әйелін Қонаев-Бақанас тасжолының жиегіне түсіріп тастаған. Бірақ бірнеше шақырымнан кейін Бауыржан бұрылып, Даринаны тастап кеткен жерге қайта келді. Полиция қызметкері жолда отырған әйелін байқамай, шамамен таңғы сағат 5:00-де оны қағып кеткенін айтады.
ТЕКСЕРІС ЖҮРІП ЖАТЫР
Қазір нашақорлық жөніндегі маман мен автомобиль сарапшысы тексеріп жатыр. Полицей мас емес және жолда отырған әйелін қақпай өтуге техникалық мүмкіндігі болмағаны дәлелденсе, бұл жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерілмек.
Бірақ көпшілік таң сағат 4:30 шамасында ататынын айтып, 5:00-де адамды көрмей қалу мүмкін емес екенін жазды.
МӘН-ЖАЙЫ
Тергеу өлімге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басын ескере отырып, Балқаш аудандық прокуроры мен оның орынбасары, осы сотқа дейінгі тергеуді жүргізуге жауапты облыстық полиция департаменті тергеу тобымен бірге оқиға орнына келді. Бауыржан Қабдолданов ұзақ уақыт тергеу саласында жұмыс істеп, өлімге әкеп соққан апаттардан кейін қозғалған ондаған қылмыстық істерді жеке тергеді.